Қазақстандық Өнеркәсіптік Қауіпсіздік және Еңбекті Қорғау

Қазақстанның шаруашылық жүргізудің нарықтық қағидаларына өтеуі, жаңа меншік үлгілері мен түрлерінің пайда болуы, жабдықтардың физикалық және моральдық тозуы, өнеркәсіптік кәсіпорындардың материалдық-қаржылық жай-күйінің күрт нашарлауы кезінде әлеуметтік және экономикалық салдарлары ауыр ірі апаттардың санының өсуіне әкелген болатын. Өндіріс техногендік қаупі күшті және Төтенше Жағдайларға әкеліп соғатын апаттардың пайда болуының тұрақты көзіне айналды.

Еліміздің кәсіпорындарындағы өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі Еңбекті Қорғау бойынша жұмысты ұйымдастырудың қанағаттанарлық дәрежеде болмауына, еңбек және өндірістік тәртіпті бұзуға, жұмыстың қауіпсіз амалдарына үйретудің жеткіліксіздігіне, қауіпсіздік техникасынның талаптарын бұзуға және көптеген жұмыс беруші кәсіпкерлердің қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға жауапсыз қарауына байланысты.

2002 жылы қабылданған ҚР «Қауіпті өндірістік нысандарға өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы, басқалармен қатар, қауіпті өндірістік нысандарды мәлімдеуді, ҚӨН басшы қызметкерлері мен мамандарын қауіпсіздік ережелеріне оқыту мен білімдерін тексеруді жүргізуді қарастырады.

Соңғы жылдары шетел инвестициялары кеңінен тартылып, Республикаға кіргізілетін аса қауіпті технологиялық және қосалқы жабдықтардың көлемі мен номенклатурасы өсті. Бұл Мемлекет тарапынан осындай жабдықтарды ҚР мемлекеттік стандарттарының талаптарына сәйкес болуын сертификаттауды жүргізу бойынша тұрақты бақылауды іске асыруды талап етеді.

Осы және басқа жағдайлар Өнеркәсіптік Қауіпсіздік мәселесін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың басым міндеттерінің қатарына қойды.