ИӘО Байланыстары

Нақты жол жүру картасы
Нақты жол жүру картасы
Мекен-жайы: 050036, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Мамыр-4 ықшам ауданы, 100 "А/1"
E-mail: info@emc.too.kz
Тел/Факс: +7 (727) 226-03-43, 226-03-42

ИӘО табыстары

«Инженерлік-әдістемелік орталық» ЖШС (ИӘО) Қазақстанның нарығында 1997 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істейді. Ол тау-кен, химия, мұнай және газ өнеркәсібінің аса қауіпті нысандарындағы Өнеркәсіптік Қауіпсіздік мәселелері бойынша қызмет көрсетуге, ықтималды қауіпті өндірістердің, нысандар мен жабдықтардың қауіпсіз және сенімді пайдаланылуына дайындық деңгейін бағалауға байланысты қызметтерді іске асырады.

Қазақстандағы бірінші өнеркәсіптік нысанның Қауіпсіздік Мағлұмдамасын (ҚМ) 2001 жылы ИӘО әзірлеген болатын. Бүгінгі күні бұл бағытта белгілі бір тәжірибе жинақталды: "ALARP" тәуекел мүмкіндігінің критерийлеріне негізделген әлемде көпшілікке танымал Тәуекелді Сандық Бағалаудың Әдістерін қолдана отырып және DNV (Det Norske Veritas) компаниясы әзірлеген Апаттардың Салдарларын Талдау бойынша Компьютерлік Бағдарламаны (PHAST Professional) пайдалана отырып, 40 астам ҚМ әзірленді.

ИӘО-тың Өнеркәсіптік Қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына Аттестаты, сондай-ақ: :

  • өнеркәсіптік қауіпсіздіктің, жобалау және жобалау-технологиялық құжаттаманың, шетелде өндірілген жабдықтар мен механизмдердің, жарылғыш материалдардың ҚР нормативтік талаптарына сәйкес болуына сараптама жүргізуге;
  • кәсіпорынның жұмысшыларын, инженерлік-техникалық және басшы қызметкерлерін оқытуға;
  • оқу бағдарламаларын әзірлеуге;
  • заңды және жеке тұлғаларға материалдарды дайындау және қызмет түрлері бойынша лицензиялар алу бойынша консалтингтік қызметтер көрсетуге және т.б.
бірқатар мемлекеттік лицензиялары бар.


Рұқсат етуші Құжаттар »

ИӘО мамандары және клиенттері (тапсырыс берушілері)

Бүгінгі күні ИӘО-та Өнеркәсіптік Қауіпсіздік және Қадағалау Қызметі саласындағы жоғары білікті мамандар толығымен бар. Соның ішінде ғылым кандидаттары, көп жылдық ғылыми және тәжірибелік жүмыс тәжірибесі бар, ғылыми-зерттеу, консалтингтік және сараптамалық жұмыстарды, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы жұмыстарды жүргізуде біліктілігі жоғары мамандар да aз емес.

ИӘО Ресей Федерациясы мен ТМД елдерінің өзі секілді орталықтарымен тығыз іскерлік байланыстар орнатқан. ИӘО-тың клиенттерінің (тапсырыс берушілерінің) қатарына:

  • «Тенгизшевроил» ЖШС;
  • Халлибуртон Инт. Инк.;
  • «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.»;
  • «Маерск Ойл Казахстан ГмбХ»;
  • «Корпорация Казахмыс» ЖШС;

  • «Петропавловский завод тяжелого машиностроения» ААҚ;
  • «Имсталькон» ААҚ;
  • «Катерпиллар»;
  • Дженерал Электрик Интернэшнл ИНК;
  • «Эмбамунайгаз»;

  • «Сичим С.п.А.-Казахстан»;
  • Atlas Copco;
  • «Бейкер Хьюз»;
  • Би Джей Сервисез Мидл Ист Компани;
  • «Сайпар Дриллинг Компани Б.В.»;

  • «Прикаспийбурнефть – Казахстан»;
  • «Казбургаз» ААҚ;
  • «Эмбамунайгаз» және т.б.
секілді ірі мұнай-газ шығарушылар, шетелдік және отандық тау-кен компаниялары, сондай-ақ оларға сервистік қызмет көрсететін компаниялар кіреді.


Бар тізімді қарау »